Екінші әйелін шәкіртіне сыйлағанын айтқан уағызшы жауапқа тартылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lRtTUZJPWn8YPLBfkQuxmDIbSQIpV9CjgL6NJzBK.jpg

Өзін имам деп атап жүрген Алматы қаласының тұрғыны Хазрет Құрбанәлі Ахмет қоғамда үлкен резонанс тудырған сұхбаттан кейін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды “Адырна”.

Сұхбат барысында ол екінші әйелін оған «қайын атасы сыйлағанын» айтқан. Кейін, өз сөзінше, онымен жанжалдан кейін әйеліне өз шәкірттерінің бірін таңдауды ұсынып, оны соған тұрмысқа беретінін жеткізген. Ақырында, бұл шешім жүзеге асқанын мәлімдеген.

Сұхбат жарияланғаннан кейін бұл мәлімдемелер қоғамда қызу талқыланып, сынға ұшырады.

Алматы полициясы тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

«Тексеру кезінде сұхбатта Қазақстан Республикасының заң талаптарына қайшы келетін (мысалы, әйелін шәкіртіне “беру” туралы) мәлімдемелер айтылғаны, сондай-ақ қоғамдық сана мен конфессияаралық келісімге теріс әсер етуі мүмкін мәселелер қозғалғаны анықталды», – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде:

  • ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша айыппұл төледі;
  • оның ресми дін қызметкері емес екені анықталды;
  • жарияланым авторы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Билік өкілдері құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тарату үшін де жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.

Пікірлер