Такси қызметімен заңсыз айналысқан қостанайлық айыппұл арқалады

1844
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/S9bnXzZ3BQd3lRFBz1LglldlIGzCw47wOEkAaLcw.jpg

Қостанай облысында заңсыз такси қызметімен айналысқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жітіқара аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 16 шілдеде полиция бөлімінің тақырыптық тексеру жүргізу барысында Пригородное ауылында У. есімді ер адам басқарған «TOYOTA» маркалы автокөлік тоқтатылған. Ол Жітіқара – Қостанай бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан. Автокөлікте 4 жолаушы болған, олардың бірі Жітіқара – Қостанай бағытымен келе жатқанын растаған және жолақы үшін 5000 теңге төлеп, төлем түбіртегін көрсеткен.

Ер адамның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені және қызметін бастағаны туралы хабарлама бермегені, соған қарамастан ақылы негізде жеке тұлғаларды тасымалдау қызметін жүзеге асырғанын атап өтілді.

Сот ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматқа 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. ҚР ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, айыппұл 30 пайызға қысқартылып, 41 286 теңге көлемінде белгіленді.

Қосымша жаза және көлікті тәркілеу шарасы қолданылған жоқ. Қаулы заңды күшіне енді.

Пікірлер