Шығыс Қазақстанда Мароккодан келген жолаушының велосипеді бұзылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жолда қиын жағдайға тап болған шетелдік велосаяхатшыға полицейлер көмек көрсетті.
Марокко азаматы Адиль Бумлик велосипедпен Өскемен қаласы арқылы Самар ауданы бағытына сапар шегіп бара жатқан. Алайда Умыш асуы маңында оның велосипеді бұзылып, әрі қарай өздігінен қозғалу мүмкін болмай қалған.
Қиын жағдайда қалған туристке полиция қызметкерлері көмекке келген. Олар шетелдік азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, велосипедін жөндеуге де қол ұшын созған.
Келесі күні Адиль Бумлик сапарын қайта жалғастырды. Қазіргі таңда ол Қатонқарағай ауданы мен Алтай ауданы бағытына жол тартып, Қазақстанда шамамен бір ай уақыт өткізуді жоспарлап отыр.
Түс ауа министрлік 30 мың гектар алқап өртеніп жатқанын хабарлады. Ал NASA картасында кемі 44-45 мың гектар деп көрсетіп тұр.
