Жантүршігерлік жол апаты. Қаза тапқандардыңң туысы әділдікті талап етуде

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматы қаласында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы апат салдарынан үш адам қаза тауып, олардың туыстары әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Оқиға 21 наурыз күні Әл-Фараби даңғылы бойында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Zeekr 9X маркалы көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқаны туралы хабарланған. Жол апаты салдарынан 29 жастағы жүргізуші және 20 мен 22 жастағы екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Zeekr көлігін 32 жастағы алматылық кәсіпкер басқарған. Куәгерлердің айтуынша, апат болған сәтте көлік басқа автокөлікпен жарысқа түскен болуы мүмкін. Күдікті жүргізуші ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Марқұмдардың туыстары әлеуметтік желілер арқылы үндеу жасап, әділдік сұрап отыр. Олардың айтуынша, қаза тапқан азамат отбасының жалғыз асыраушысы болған.

«Інім отбасының тірегі еді. Оның орнын ешкім толтыра алмайды», – дейді жақындары.

Марқұмдардың туыстары мен достары істің ашық әрі әділ тергелуін талап етіп, кінәлілердің заң алдында жауап беруін сұрады. Олар құзырлы органдарды бұл істі ерекше бақылауға алуға шақырып отыр.

 

Пікірлер