Shymbulak тау курортында әуесқой шаңғышылар арасында шаңғымен жылдам сырғанау бойынша Қазақстан рекорды тіркелді. Бұл туралы Shymbulak курортының коммуникация департаменті жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан рекордтар кітабы КИнЭС-2026 деректеріне сәйкес, ел рекордын әуесқой шаңғышы Сергей Апенко орнатты. Оның жылдамдық көрсеткіші – сағатына 160,953 км»,-делінген хабарламада.
Жылдамдық арнайы кәсіби ALGE Timing өлшеу жүйесі арқылы анықталған.
Шаңғышының айтуынша, бұл рекорд еліміздегі тау-шаңғы кластерін дамытуға қолдау білдіретін символикалық қадам болған.
«Үлкен жылдамдықпен сырғанауды дәл Shymbulak курортында өткізудегі мақсат – біздің тауларымыз бен трассалардың мүмкіндігін көрсету. Бұл жоба бұқаралық спорттың танымал болуына және Қазақстанның қысқы туризм орталығы ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді деп үміттенемін»,– деді Сергей Апенко.
Олимпиада және әлем чемпионы Кәмила Уәлиева Шымбұлақта қыдырып жүр екен! Туризмді осындай мықты адамдардың жарнамасы дамытады!
