Мәскеу маңындағы дрон шабуылы рекордтық деңгейге жетті

69
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/a646SRnM29o5KjF7oRLc1MirFrJcPindzd34UvjO.webp

Фото: Global Look Press

Бүгін түннен бастап Мәскеу қаласы  мен облысына бағытталған ұшқышсыз ұшу аппараттарының жаппай шабуылы тіркелді. Ресей тарапы бұл шабуылды соңғы бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең ірі әуе шабуылдарының бірі деп бағалап отыр.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин жариялаған мәліметтерге сәйкес, тәулік басталғалы әуе қорғанысы күштері астанаға бағытталған 81 дронды атып түсірген. Ал соңғы бір тәуліктің ішінде жойылған ұшқышсыз аппараттардың жалпы саны 120-дан асқан.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл – 2026 жылғы ең ауқымды шабуылдардың бірі. Бұған дейін ең ірі дрон шабуылы 14 наурызда тіркелген болатын. Ол кезде Мәскеу маңында 65 дрон жойылғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар Ресей Қорғаныс министрлігі елдің әртүрлі аймақтарының үстінде бір түн ішінде 550-ден астам ұшқышсыз аппараттың залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Ведомствоның дерегінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бірнеше өңірде күшейтілген режимде жұмыс істеген.

Ресми ақпарат бойынша, Мәскеуге жақындаған кезде Украина Қарулы күштеріне тиесілі бірнеше дрон жойылған. Алдымен бір аппарат атып түсірілсе, кейін тағы алты дронның көзін жоюға мүмкіндік туған.

Қазіргі уақытта шабуыл салдарынан зардап шеккендер мен инфрақұрылымға келген шығын көлемі туралы нақты мәлімет жарияланған жоқ. Оқиғаға байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, әуе қорғанысы жүйелері жоғары дайындық режиміне көшірілген.

Пікірлер