Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және жаңа шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Lw3CqljVdsAS8buJj5AZijU7MQC9rSb5BoH3j3Mr.webp
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру және белгіленген қызмет мерзімін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы" заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 31-бабына сәйкес президент тиісті қаулы қабылдады.

  1. Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарынан запасқа шығарылсын.
  2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген әскери қызметшілерді шығаруды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, бүгін мемлекет басшысы "Туристік саланы және балалар спортын қолдауға байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Заңдағы басты өзгеріс – балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (ДЮСШ) әр спортшыға қаржыландыру нормасын енгізу. Бұл шара бір спортшыға жыл сайын бөлінетін шығынды қазіргі орташа 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

Пікірлер