«Президент әкімшілігіне жалтақтамаңдар». Тоқаев атқарушы билікке міндет жүктеді

2402
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Тоқаев министрлерге Президент әкімшілігіне жалтақтамай, міндеттерін атқаруды тапсырды. Сондай-ақ, реформалардың іске асырылуына негізінен атқарушы билік жауап беретінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Біріншіден, нақты салаларға қатысты шешімдерді әзірлеу және орындау міндеті, сондай-ақ түпкі нәтиже үшін жауапкершілік толығымен министрлерге жүктеледі. Өйткені олар өзінің бұйрығымен жедел шешім қабылдап отыруға тиіс. Бұл – әкімдерге де қатысты мәселе, – деді президент.

Екіншіден, экономикалық саясаттың іске асырылуына Үкімет толығымен жауап бермек.

Бюрократияға және сөзбұйдаға салынбай, Президент әкімшілігіне жалтақтамай, экономиканы дербес басқарудың барлық әдіс-тәсілдерін қолында ұстауға тиіс, – деді Тоқаев.

Одан бөлек,  Президент әкімшілігіне қандай міндеттер жүктелетіні де айтылды.

Үшіншіден, Президент Әкімшілігі басты «саяси штаб» ретінде мемлекетті әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқық және кадр саясаты мәселелеріне барлық күш-жігерін жұмылдырады. Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жолындағы жүйелі жұмыс жалғаса береді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Бізге оның мейлінше шағын және қолайлы болғаны маңызды, – деді президент.

Пікірлер