Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп.
Екі ел басшысы телефон арқылы қазақ-қырғыз қатынасына баға берді.
«Қазақстан президенті қазақ-қырғыз қатынастарының оң динамикасын атап өтті. Бұл тұрақты саяси диалог, үкіметтер мен іскерлік орта арасындағы белсенді өзара әрекеттесу арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Екі бауырлас елдің басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қанағаттанушылық білдірді», - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан Президенті Садыр Жапаровтың қоғам бірлігін сақтауға және қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қолдау білдірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қырғызстан президентін Қазақстандағы конституциялық реформа туралы хабардар етіп, оның елдің тұрақты дамуына бағытталғанын жеткізді.
«Сөйлесушілер өңірлік ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселелер бойынша бір ауыздан пікір білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтетін ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты маңызды халықаралық шараларды сәтті өткізуге тілектестік білдірді. Қазақстан президенті сондай-ақ Қырғызстан қоғамының бірлігін сақтау және мемлекеттік құрылымды нығайтуға бағытталған Садыр Жапаровтың шешімдерін қолдағанын жеткізді», – деп хабарлады Ақорда.
Қырғызстан басшысы соңғы күндері ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасы Қамшыбек Тәшиевті қызметтен босатқан соң біршама кадрлық өзгерістер жасаған болатын.
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткені хабарланды
