Соғыстағы шәхидтердің суреті үшін. Украиналық спортшы Олимпиададан шеттетілді

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LrYYY34SeghgmUW2VAzKejeU0q3KzP7JjiYWDrr7.webp

Украиналық скелетоншы Владислав Гераскевич Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алғашқы жарыс алдында шеттетілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұған оның қаза тапқан украиналық спортшылардың портреті бейнеленген шлеммен өнер көрсеткісі келгені себеп болғаны туралы ақпарат тарады.

Спортшы Олимпиадаға Украина құрамасының көшбасшысы ретінде келген. 

Ол соғыс кезінде қаза тапқан украиналық спортшылардың бейнесі салынған спорттық дулығамен жарысқа қатысуды жоспарлаған. Ол аталған шлеммен ресми жаттығуға да шыққан. Алайда кейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) оған жарыс барысында бұл дулығаны пайдалануға болмайтынын ескертіп, тіпті жарысқа қатыспай қалуы мүмкін екенін хабарлаған.

Дегенмен, Гераскевич өз шешімінен бас тартпаған. Бұл туралы ол 10 ақпанда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Украина президенті Владимир Зеленский де спортшыны қолдап, дулығада Ресей әрекеті салдарынан қаза тапқан украиналық спортшылардың портреттері бейнеленгенін атап өтті.

"Олимпиадада олар «бейтарап» ту астында болса да, өмірде ашық түрде Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын және біздің аумақтарымызды оккупациялауын қолдайды", — деді Зеленский.

12 ақпанда ХОК пен Халықаралық бобслей және скелетон федерациясы (IBSF) жарыс кезінде ондай шлемді тағуға рұқсат берілмейтінін ресми мәлімдеді. Осы шешімнен кейін Гераскевич жарысқа қатысушылар тізімінен шығарылды.

Өз кезегінде Гераскевич ХОК шешімінен кейін «Украина мүддесін және қаза тапқан спортшылардың естелігін қорғағаны үшін абырой жолында құн өтегенін» мәлімдеді.

«Біз ешқандай ережені бұзған жоқпыз және осы Олимпиадада бұған дейін осындай әрекет жасаған басқа спортшылар сияқты бұл дулығамен өнер көрсетуге толық құқылы едік», — деді ол.

Пікірлер