«Қайрат» клубы спортшысымен қоштасты

304
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cQmNND5mHNyvQBjecFKUcxzbG4jbkeruhHgmnyxm.png

Алматылық «Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен қоштасты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, 32 жастағы футболшы 2024 жылы командаға қосылған. Ол клубпен бірге екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды.

2025 жылы Элдер Ақтөбеге қарсы өткен Суперкубок матчында сәтті пас беріп, ойынның үздігі ретінде танылған.

Клуб әкімшілігі футболшыға алғысын білдіріп, алдағы мансабында сәттілік пен жаңа жетістіктер тіледі. Элдер Сантана «Қайрат» сапында жалпы 31 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Спортшы 2019 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылға дейін Португалиялық «Санжуаненсе» клубында ойнаған. Кейін 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап, 12 қыркүйекке дейін Португалиялық «Жил Висенте» клубымен келісім-шартқа отырған. Сол жылы «Визела» клубына қарсы матчта Португалия Примейра-лигасында дебют жасады.

Ал 2023 жылы Қазақстанның «Ақтөбе» клубының ойыншысы атанса, 2024 жылы Қазақстанның «Қайрат» клубына қосылды.

 

Пікірлер