Трамп Путиннің Киевке бір апта соққы жасамауға келіскенін айтты

269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

Дональд Трамп бейсенбі күні АҚШ президенті ретінде жасаған мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путиннің Киевке бір апта бойы соққы жасамауға келіскенін айтты. Ал таңертең Киев қаласы мен облысындағы нысандарға, сондай-ақ Украинадағы инфрақұрылым объектілеріне соққы жасамау туралы мораторий жөнінде блогерлер жазған. Кремль бұл ақпаратты әзірге растай алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС жаздығ деп хабарлайды "Адырна".

«Қатты суыққа байланысты оларда да, бізде де жағдай ұқсас. Мен президент Путиннен ерекше суық кезде бір апта бойы Киев пен басқа қалаларға от атқыламауды жеке өзім өтіндім», -  деді Трамп Ақ үйде әкімшілік мүшелерімен кездесуде.

«Ол бұған келісті. Бұл өте жақсы қадам болды деп айта аламын», - деп қосты АҚШ президенті.

Мәскеу бұл мәлімдемелерге әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Таңертең ықтимал мораторий туралы ақпарат блогерлер мен телеграм-арналарда тарады. Бұл жөнінде ресейлік те, украиналық та арналар жазған. Алғашқылардың бірі болып ресейлік блогер Владимир Романов жазып, өзіне келген хабарламаның скриншотын жариялаған.

Оның айтуынша, бейсенбі күні таңғы сағат 7:00-ден бастап Киев пен Киев облысындағы кез келген нысанға, сондай-ақ Украина аумағындағы инфрақұрылым объектілеріне соққы жасауға «тыйым салынғаны» туралы ақпарат түскен.

Кейін ол тағы бір хабарламаны келтірді. Онда ресейлік әскерилерге Киев пен оның облысындағы нысандарға соққы бермеу, ал бүкіл Украина аумағында энергетикалық инфрақұрылымға (электр қосалқы станциялары, ЖЭО, ГЭС, газ қоймалары, мұнай базалары және жанармай сақтау орындары) 28 қаңтардан бастап «арнайы бұйрыққа дейін» соққы жасамау туралы пәрмен берілгені айтылған.

Блогердің жазуынша, бейресми ішкі ақпаратта бұл шектеу шамамен 3 ақпанға дейін созылуы мүмкін екені де айтылған.

Пікірлер