Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы – тарихи оқиға

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6IJliyhMZt1qmwA1U3tlzmvX2A8GKnb1aJreN0lo.jpg

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Құрылтай жұмысына қатысты негізгі мәселелер қаралды. Бұл туралы Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин хабарлады.

Жұмыс тобы Құрылтайда заң шығару үдерісін қалай ұйымдастыру керектігін талқылады. Ұсынылған форматқа сәйкес, заң жобалары үш оқылымда қаралады: алғашқы екі оқылымда мазмұны айқындалады, ал үшінші оқылым заң жобасының заңнамалық дұрыстығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Парламент болмаған кезде заң шығару функциясы Президентке жүктелетін болады.

Парламенттегі квоталар мәселесі де қаралды. Президенттік квота болмайды, депутаттар ортақ тәртіппен сайлануы тиіс. Әйелдерге, жастарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған партиялық квота сақталады.

Президент институтының қызметі мен дауыс кворумына қатысты қазіргі Конституциядағы рәсімдер Құрылтай моделінде сақталады, бұл тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, негізгі мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастыру мәселесі қаралды. Құрылтай барлық конституциялық органдардың мүшелерін өз келісімімен тағайындауға құзыретті болады. Жоғары сот судьяларын сайлау құзыреті жоғары өкілді орган депутаттарына беріледі.

Осылайша, Құрылтай билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтып, «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер