Вьетнамнан Ресейге ұшқан ұшақ Тараз әуежайында кідіріп қалды

667
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qjDJMQl5lrvPU85PrUJBPxgyl21hH2mdH62hin7m.jpg

Фукуок – Екатеринбург бағытымен ұшқан SCAT Airlines әуе компаниясының рейсіндегі жолаушылар Тараз әуежайында кідіріп қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұшақ Қазақстанға жоспарлы түрде жанармай құю үшін қонған. Жолаушылардың айтуынша, бұл процесс шамамен бір сағатқа ғана созылуы керек болған. Алайда рейс бірнеше рет кейінге шегерілген. Нәтижесінде 217 адам әуежайда іс жүзінде қамалып қалған. Олардың арасында балалар да бар.

Жолаушылар әуе компаниясының өкілдері ұзақ уақыт бойы нақты түсініктеме бере алмағанын, ал «жедел желіде» ешкім жауап бермегенін мәлімдеді.

Құжат бойынша қабылдаушы тарап Ресей болғандықтан, адамдарға транзит аймағынан шығып, Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынған.

SCAT Airlines баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Ұшақты ұшуға дайындау барысында қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды. Күту кезінде жолаушыларға үш рет тамақ берілді. Сонымен қатар салқын және ыстық сусындар, көрпелер таратылды. Барлық техникалық жұмыс аяқталды, әуе кемесі рейсті орындауға дайындалып жатыр», — делінген хабарламада.

Әуе компаниясы жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Пікірлер