Армения ресейлік пропагандистерге еліне келуге тыйым салды

3505
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік пропагандистерге Арменияға келуге тыйым салынды. Бұл туралы ТАСС агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Армения билігі «Russia today» теларанасының бас редакторы, ресейлік пропагандист Маргарита Симоньянға елге келуге тыйым салды.

Сондай-ақ, Арменияның қазіргі бастығы Константин Затулинге де елге келуге тыйым салды. Ол көп жылдан бері Арменияны қолдаған еді.

Армения билігі Затулинге Әзербайжанмен болған 44 күндік соғыста армяндарды сынағаны үшін елге келуге тыйым салған. Ал Симоньянға не себепті тыйым салғанын ашық айтпай отыр.

Айта кетейік, Маргарита Симоньян 1980 жылы Краснодар қаласында армян отбасында туған. Ол –  Кремльдің айтақтауымен шетелдің ішкі және сыртқы саясатына араласып, ұлтаралық алауыздық тудыруды әдетке айналдырған тағы бір ресейлік пропагандист, «НТВ» телеарнасында «Международная пилорама» бағдарламасының жүргізушісі Тигран Кеосаянның зайыбы. Симоньян – оның екінші әйелі. Екеуі 2012 жылы шаңырақ құрып, Марьяна мен Марго және Баграт есімді қыз-ұлдарын тәрбиелеп отыр. Кеосаянның танымал болуына осы Симоньянның да ықпалы бар дейді білетін адамдар. Қазір екеуі бір-бірінің ауыздарына түкіріп қойған ерлі-зайыптылар сияқты. Олар біраздан бері Ресейдің телевидениесі мен YouTube-арналарында ойындағысын айтып, елде де шетелде де халықтың ашуын шақырып жүр.

Пікірлер