«Qantar 2022». Қазақстандық анимациялық фильм Берлин кинофестивалінде көрсетіледі

414
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QwIjVDRZS23S3DtLZ4C3gDEVff0rZIFmPJuzkJum.jpg

Берлин халықаралық кинофестивалінде қазақстандық мультидисциплинарлық суретші Алмагүл Меңлібаеваның қысқаметражды анимациялық фильмі ұсынылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі 98.mag.kz-ке сілтеме жасап.

«Qantar 2022» туындысы Forum Special бағдарламасына енген. Бұл секция «Адам болыңыздар, шындықты айтыңыздар» ұранымен өтеді.

Меңлібаева фильмді 2022 жылғы қаңтар оқиғаларына арнаған. Картина жасанды интеллект көмегімен жасалған.

Айту кетейік, 76-шы Берлин халықаралық кинофестивалі 12–22 ақпан аралығында өтеді.

Алмагүл Меңлібаева – өз өнерінде әлеуметтік және экологиялық маңызды мәселелерді көтеріп жүрген заманауи суретші. Т. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтының безендіру және қолөнер факультетін тамамдаған. Оның шығармашылығы аймақтағы мәдени, тарихи және әлеуметтік-саяси процестерді терең зерттеуімен ерекшеленеді. Меңлібаеваның шығармашылығы кескіндеме, графика, видео, фотосурет, қойылым және текстиль сияқты кең ауқымды тәсілдерден тұрады. Суретші жұмыстарында әйелдің рөлі, ұлттық болмыс, экология, энергия, неоколониализм сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді, соның ішінде Орталық Азия халықтарының космологиясы мен мифологиясын шебер үйлестіру де бар. Меңлібаева өткен мен бүгінді жалғай отырып, аймақтағы трансформацияға бірегей көзқарас ұсынады.

Пікірлер