Yenlik әлемдік COLORS жобасында өнер көрсетті

128
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l9VdsRnjMHCVZeSfub0TgaRi3pOLQlNNHunMpjCT.webp

Yenlik әлемге танымал A COLORS SHOW музыкалық жобасының қонағы атанып, аталмыш жобаға шыққан алғашқы қазақстандық әнші атанды, деп хабарлайды "Адырна". 

Айта кетсек, COLORS – Германияда құрылған, YouTube платформасында танымал музыкалық жоба. Бұл жобаға бұған дейін әлемге танымал Билли Айлиш, Дрейк, Joji, Tyla сынды әншілер қатысқан.

«COLORS-тан шақырту алған сәтте қуаныштан жылап жібердім. Бұған дейін өзіміз бірнеше рет өтініш берген едік, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы олар мені өздері тауыпты», – дейді әнші.

Орындаушының айтуынша, оның жобада таңдалуына музыкалық стилінің ерекшелігі және қазақ тілінде ән айтуы әсер еткен.

Yenlik-тің COLORS-тағы өнері бүгін, 12 қаңтар күні сағат 22:00-де жарық көреді.

Пікірлер