Селин Дион ұзақ уақытқа созылған сырқаттан кейін сахнаға қайта шықты

1375
Adyrna.kz Telegram
Фото: Селин Дион парақшасынан
Фото: Селин Дион парақшасынан

56 жастағы шетел әншісі араға 4 жыл салып сахнада қайта ән шырқады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Селин Дион ұзақ уақытқа созылған сырқаттан кейін сахнаға қайта шықты. БАҚ оның дертін - ауто-иммундық ауру деп хабарлады.

Алайда әнші 27 шілде күні Париж төрінде ән салды.

Әнгі бұл күнге бірнеше жыл дайындалғанын жасырмады. Әйгілі Эйфель мұнарасының алдында тұрғызылған сахнаға 1950 жылы Эдит Пиаф «Махаббат әнұраны» әнін орындау үшін шыққан. Дион Селин сол сахнада кеше өнер көрсетіп, көрермендер ықыласына бөленген.

” Селин Дион ханшайым қайтып келді. Оның даусы керемет естіледі!
Мен Селиннің өнеріне қатты қуандым, тек уау!” - деген сынды түрлі пікірлер жазып, бейнелер жүктеуде.

Әнші сахнаға мыңдаған інжу-маржандар кестеленген күміс түстес Dior Haut Couture көйлегімен шықты.

Пікірлер