Бүгін Алматыда белгілі қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековті ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Darkhan Juzz Кеңсай зиратына жерленді. Сондай-ақ бүгін кешкі сағат 18:00-де музыканттың құрметіне Арбатта концерт ұйымдастырылады.
Еске салайық танымал әнші Darkhan Juzz 24 ақпан күні Таиландта жол апатынан қаза тапты. Кейін Жүздеген алматылық қолдарына гүл шоқтары мен шам ұстап Арбатта қазақстандық музыканттың әндерін орындап, сол арқылы оның рухына тағзым етті.
Ұқсас жаңалықтар
Екібастұздағы оқиғаға қатысты кінәлілер жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін - Димаш Құдайберген