2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға (ПМЖ) 30 мыңға жуық адам көшіп келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,9%-ға көп, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы LS порталына сілтеп.
Елден кеткендердің саны азайды. Биыл Қазақстаннан 12,7 мың адам қоныс аударды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,4%-ға төмен. Жалпы көші-қон сальдосы +1,1 мың адам болып қалыптасты.
Қазақстанға қоныс аударғандардың басым бөлігі Өзбекстаннан – 12,2 мың адам (+1,8 есе), Ресейден – 8,1 мың адам (-30,3%), Қытайдан – 2,1 мың адам (+2,1 есе), Моңғолиядан – 1,4 мың адам (+2,2 есе), Түркиядан – 530 адам (+1,7 есе) келді.
Елден кеткендердің басым бөлігі Ресейге – 8,8 мың адам (-24,8%), Германияға – 2 мың адам (-12,7%) және АҚШ-қа – 332 адам (-26,5%) көшкен.
Қазақстаннан көбіне техникалық мамандар – 1,5 мың адам (-31,3%), экономистер – 721 адам (-1,5 есе), педагогтер – 493 адам (-1,6 есе) көшіп кеткен.
Ал Қазақстанға техникалық мамандар – 3,1 мың адам (-9%), экономистер – 1,3 мың адам (-30,3%), педагогтер – 1 мың адам (+0,1%) және ауыл шаруашылығы мамандары – 293 адам (+1,8 есе) келген.