Қырғызстан көк бөрі командасы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Финалда Қазақстан мен Қырғызстан көк бөрі командалары кездесіп, жеңіс үшін бақ сынасты.
Нәтижесінде 10: 4 ұпаймен Қырғызстан командасы көк бөрі ойындарының «алтын» жүлдесін қанжығалады.
Ал қазақстандық шабандоздар көк бөрі ойындарында күміс жүлдені иеленді.
Айта кетейік, 12 қыркүйек күні ұйымдастырылған көкпарда Қазақстан құрамасы алтынды жеңіп алған еді.Ұқсас жаңалықтар
«Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан мақсаттарының жүзеге асырылуына шолу
