Ер адамға шабуыл жасаған роботтың бейнесі тарады

305
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9mfO6MiGjJ5OjdORfAICQxGxXCOkLrc8EEk5xCNP.jpg

Әлеуметтік желіде Unitree компаниясының гуманоидты роботы ер адамды ұрып жібергені түсірілген бейне тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Видео Қытайдағы кәдімгі кеңсе ішінде түсірілген.

Роботты басқарған оператор  кикбоксингтегі соққыларын жасап, қозғала бастаған кезде робот кенеттен секіріп, оны шап аймағынан ұрып жіберген.

Bilibili платформасында жарияланған бейненің авторы роботтың нейрожеліге негізделген қозғалысты басқару моделі арқылы басқарылғанын түсіндірді. Осы себепті адам мен роботтың әрекеттері арасында аздаған кешігу бар. Сарапшылардың айтуынша, технология дамыған сайын бұл кідіріс 0,1 секундқа дейін қысқаруы мүмкін.

Желі қолданушылары бұл жағдайды әзілге айналдырып, «Робототехниканың үш заңы» ескерілмегенін айтып қалжыңдауда.

Алайда мамандар бұл жағдайда әңгіме дербес шешім қабылдайтын роботтар туралы емес, толықтай адам басқаруындағы «робот-манекендер» жайында екенін атап өтті.

Сонымен қатар бейне гуманоидты роботтардың икемділігі артып келе жатқанын көрсетті. Қазіргі таңда мұндай роботтар жүгіреді, билейді және түрлі тапсырмаларды орындайды.

Пікірлер