Шығыс Қазақстан облысында мешіттен шамамен 400 мың теңге тұратын ноутбук ұрланғаны туралы 102 арнасына хабарлама түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталған.
Жедел-тергеу шаралары барысында полиция тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ұрлықты ашуға заманауи қауіпсіздік технологиялары көмектескен.
Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де басқа мешітте осындай ұрлыққа қатысы бар екені анықталған. Полиция мәліметінше, әйел тегін тамақ алу сылтауымен мешіттерге кіріп, қызметтік бөлмелерден бағалы заттарды жасырын алып кеткен.
Ұрланған ноутбуктардың бірін күдікті сатып, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны хабарланды.
"Жастар мешітте бұзылып жатыр". Сарыағаштық тұрғын балалардың мектепке емес, мешітке асығатынын айтты
Алаяқтардың кесірінен Ислам дініне жаман ат келуде. Ендеше, Ринатқа емес, дін атын жамылған алаяқтарға айтыңдар айтарларыңды!