Air Astana әуе компаниясының Фукуок – Алматы бағыты бойынша рейсі техникалық себептерге байланысты Вьетнамға қайта қонды, деп хабарлайды "Адырна".
Компанияның хабарлауынша, ұшақ бүгін таңғы 10:00-де шығып, төрт сағаттық ұшудан кейін кері оралған.
Экипаж борттағы барлық дәретханалардың техникалық ақауына байланысты кері қайту туралы шешім қабылдаған. Әуе кемесі жергілікті уақытпен 14:14-те сәтті қонып, әуеде шамамен төрт сағат болған.
Қазіргі уақытта техникалық қызметтер ақауды жоюмен айналысып жатыр. Әуе компаниясы рейстің ұшуын 27 желтоқсан таңғы сағат 04:00-ге (жергілікті уақытпен) ауыстырды.
Жолаушылар қонақүйлерге орналастырылды.
Ұқсас жаңалықтар