Франциядан Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып шыққан Air France әуе компаниясының ұшағы елге оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Caliber-ге сілтеп.
Бұл туралы Францияның көлік министрі Филипп Табаро X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Ұшақтың керуі қайтуына зымырандар себеп болған.
Министрдің сөзінше, ұшақты үкімет арнайы жалдаған. Алайда қауіпсіздік жағдайы туындағандықтан эвакуацияны жалғастыру мүмкін болмаған.
«Біз сол жерде жүрген азаматтарымыздың заңды күтулерін толық түсінеміз, алайда олардың қайтарылуы тек қауіпсіз жағдайлар қамтамасыз етілгенде ғана мүмкін», – деп атап өтті министр.
Ұқсас жаңалықтар
