4 мыңға жуығы кері қайтқан. Оңтүстіктен солтүстікке 66,2 мың адам көшіп келген

124
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hLvL85Xr6CSAhmwAWhCXBbh2CYcgaX6Yk4AHa88P.webp

Оңтүстіктен солтүстікке 66,2 мың адам көшіп, оның 3,6 мыңы кері қайтқан. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

“Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың 9 айдағы деректері бойынша 1 326 мың адам қоныс аударды. Оның ішінде облыстар арасында 619 мың адам қоныс аударған. Бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінен 22,7% жоғары (1 080 мың адам). Бүгінде ерікті түрде қоныс аудару тетігі оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын қайта бөлуге және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған негізгі шаралардың бірі болып тұр. Мәселен, бағдарлама басталған кезден бері солтүстік өңірлерге 66,2 мың адам қоныс аударды. Оның 3,6 мың адамы немесе 6%-ы қайтып оралды”, — делінген ресми мәліметте.

Министрліктегілер миграцияны реттеу шаралары халық азайып жатқан өңірлердегі көші-қонның теріс сальдосын бәсеңдеткенін айтады.

“Қоныс аудару бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында қоныс аудару өңірлерінде көші-қонның теріс сальдо деңгейін 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға немесе-19 мың адамға (-53 мың адам) төмендетуге мүмкіндік туды”, — делінген жауапта.

 

Пікірлер