Су тасқынынан зардап шеккендерді алдамақ болғандар ұсталды

1418
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерді алдамақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерді біріктіретін WhatsApp чаттарында адамдар интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жіберіп жатқанын мәлімдеді.

«Ол бойынша өтемақы төлеуді күткен адамдар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, SMS кодын жазуды ұсынады — бұл адамның су тасқынынан зардап шеккендердің тізімінде екенін растау үшін жасалады. Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына банктерден үлкен сомада несие рәсімдейді» — делінген полиция хабарламасында.

Пікірлер