Дәрігерді балағаттаған ер адам бес тәулікке қамауға алынды

200
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ef7SmM5XulV6vTRrjXRqVxd6ikvvbjJHGIVqlKf3.avif

Ақмола облысында дәрігерге балағат сөз айтқан ер адамға қатысты әкімшілік жаза қолданылды. Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға аудандық аурухананың дәлізінде болған. Мас күйдегі ер адам өзге пациенттер мен балалардың көзінше айқайлап, бейәдеп сөздер айтқан. Дәрігер-хирург оған тынышталуды сұрап ескерту жасаған кезде, ер адам керісінше, медициналық қызметкерді балағаттап, қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзған.

Сотта ер адамның кінәсін толық мойындауы және тұрақты жұмыс орнының болмауы жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Ал оның масаң күйде болғаны жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде тіркелді.

Нәтижесінде сот оған бес тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындап, алкоголь қолдануға толық тыйым салды.

Пікірлер