Ақмола облысында үш ауылдың атауы қазақшаланады

4368
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Бірлік ауылдық округіне қарасты Красная Поляна ауылын – Бірлік, Арбузинка ауылын - Ақкент, Петриковка ауылын Тұмар ауылы деп атау туралы шешім шығарды», - делінген талқылауға шығарылған құжатта.

Айта кетейік, былтыр Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің және Бурабай ауданына енетін Красный кордон ауылының атауы өзгерген еді. Жалпы, өткен жылы бұл өңірде 11 елді мекен мен 90 көшеге қазақша атау берілді.

Пікірлер