Апат толастамай тұр. Бір адам аяғынан айырылды

340
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bJkpDLOENDEN23uVKLYHA58u674Jwb2Rv1q5fU9J.webp

Астана қаласында екі көліктің соқтығысуы салдарынан екі жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, «Geely» көлігінің жүргізушісі Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында бағдаршамның жасыл түсі жанғанда бұрылысқа шығып кеткен. «Toyota» мен «Geely» көлігі соқтығысты.

Салдарынан «Toyota» көлігі екі жаяу жүргіншіні және бағдаршамды қағып өткен. Оқыс оқиға кезінде көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер жарақат алып, барлығы ауруханаға жеткізілді.

Жол апатынан зардап шеккен жаяу жүргінші аяғынан айырылды.

Еске салсақ, Алматы - Бішкек тасжолында көлік апатынан жеті адам қаза тапқан еді.

Пікірлер