«Білімім – Отаныма» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өтті

1059
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астана қаласының барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өтті деп хабарлайды Адырна Ұлттық порталы.

Оқу жылының аяқталуына орай өткізілген тәрбие сағатында сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады.

Балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылау мақсатында өткізілген тәрбие сағатына 1-10 сыныптың барлық білім алушылары қатысты.

Астана қаласы Білім басқармасының Жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Аманкельдиева Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында өткен сынып сағатына арнайы барды.

«Бұл – 1 және 10 сынып оқушыларына арналған шара. Сынып сағаты 9.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Одан кейін білім алушылар Оқу-ағарту министрінің жолдаған құттықтау сөзін тыңдады. Бүгінгі іс-шара ата-аналардың қатысуымен ерекше форматта өтті. Мұнда сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады. Тәрбие сағатында білім алушылардың білім нәтижесі, сондай-ақ білім, өнер, спорт салаларында жеткен жетістіктері айтылды», - деді Асыл Аманкелдіқызы.

Айта кетсек, биыл елордалық мектептерде 263 мыңнан астам бала білім алды. Олардың ішінде 11-сыныпты 11 230 түлек аяқтаса, 1-сыныпты 28 556 бала, 9-сыныпты 19 952 оқушы тәмамдайды. Ал Алтын белгіге – 295 оқушы, үздік аттестатқа – 717 оқушы үміткер.

Пікірлер