8 сәуір күні Астанада қаласында шамамен 400 адам әйелдер шеруіне қатысты. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акцияға ұйымдастырып, Абай даңғылы бойымен Пушкин-Құдайбердіұлы қиылысындағы алаңға шерулете жүрді. Мұндай акцияны өткізуге әкімдік алдын ала рұқсат берген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Азаттық радиосының" жазуынша, шеруге ресми түрде рұқсат берген органдар өз сөзінен жалтарып, көлік қозғалысын тоқтау қаймаған. Дегенмен акцияға қатысушылар бірқатар ұрандарды негізге ала отырып шерулетті. Олар "Масқара!", "Жолды жабыңдар!", "Феминизмге жол беріңдер!" деп айқайлады. Полиция шерушілерді сырттай бақылап тұрды.
Шерудің соңы бейбіт митингке ұласып, әйелдер бірқатар заңнамалық өзгерістерді талап етті. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді және бопсалау бабын қылмыс есебінде тануды міндеттеді. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл дәрежеде зақым келтіру бабын Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыруды алға тартты. Бұған қоса, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі Стамбул конвенциясын ратификациялау қажет деп санайтындықтарын жеткізді.
Негізінен алғанда, Қазақстанда зорлық-зомбылық деректері жыл сайын артып келеді. БҰҰ мәліметінше, Қазақстан жыл сайын шамамен 400 әйел күйеуі немесе серігінің қолынан қаза болады. Халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлі күнге дейін шешілмей келе жатқанын мәлімдеген. Ресми мәлімет оның саны барған сайын артып, еш азаймағанын көрсетіп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы