Балаларын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген әйел есі дұрыс емес деп танылды

279
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gSHluWkkGUGC3HL0iXyVvujPvpHO669WWA1ri1yP.jpg

Павлодар облысының соты балаларын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген 34 жастағы әйелді есі дұрыс емес деп танып, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сот шешімімен ол арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, деп хабарлайды "Адырна". 

Қайғылы оқиға 30 шілдеде болған. Павлодардағы көпқабатты үйдің тұрғыны өзінің екі баласын – 7 жастағы және 1,5 жастағы балаларын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірген. Үшеуі де кіреберіс қақпасына құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бір жарым жастағы сәби бірнеше күннен кейін қайтыс болды. 7 жастағы бала 13 тамызда ауруханадан шығарылды, қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, бірақ дәрігерлер оған бір ай қатаң төсек режимін тағайындады.

Қазан айында полиция әйелдің мәжбүрлі шара аясында Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылғанын хабарлаған болатын.

Пікірлер