Депутат, журналист Мақсат Толықбай тегін қазақшалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол желіде "Толықбаев" емес, Мақсат Толықбай екенін жазды.
"Айтудың өзі ұят, ештен кеш жақсы.
Жеке куәлігімді қазақшаладым.
“-ов”, “-вич” деген құлдық жалғаудан бас тарттық.
Қиын ештеңесі жоқ екен. Ең бастысы - ниет.
Дипломды қайтеміз? Тағы қандай құжаттарды ауыстыру керек? Осы сияқты сұрақтар көп. Пікір бөліміне жаза беріңіз.
Сауалдарыңызды жинақтап, ХҚКО (ЦОН) маманын қасыма отырғызып, көк шайдан құйып қойып, барлығына асықпай, нақты жауап беремін", - деп жазды Мақсат Мәлікұлы.
Еске сала кетейік, осыған дейін депутат Ринат Зайыттың да тегіндегі "-ов" жалғауынан бас тартқаны туралы жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар