Жұмысшылар төбелесінен соң. Қытай сыртқы істер министрі Жапаровпен кездесті

1187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ITjhA8LIOtVlH6leoFEProdAEdn8WzGAHNoCEqiF.jpg

19 қарашада Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қытай сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жапаров қырғыз-қытай қатынастарының бүгінде жоғары деңгейде тұрғанын атап өтті. Ол теміржол және автожол құрылысы, жаңа әуе бағыттарының ашылуы, сондай-ақ көптеген саладағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуын мысалға келтірді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ШЫҰ аясындағы және «Орталық Азия — Қытай» форматындағы көпжақты ынтымақтастықтың қарқынды нығайып келе жатқанын айтты.

Өз кезегінде ҚХР сыртқы істер министрі екі ел басшысы қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.

Министр осыдан үш жыл бұрын Қырғызстанда болғанын, сол уақыт ішінде ел айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

Ван И сондай-ақ Қырғызстанда жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың өкілдеріне елдің заңнамасын қатаң сақтау және жергілікті дәстүрлерді құрметтеу қажеттігі туралы талап жеткізіліп жатқанын айтты.

Еске салайық, 15 қарашада Қырғызстанда қытай және қырғыз жұмысшылары арасында төбелес болған еді. Полиция 16 адамды ұстап, тағы 44 адамды тергеуге шақырған, арасында қытайлық жұмысшылар да бар. Президенттің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков шетел азаматтарының елде болуына қатысты талаптар виза режиміменқатаң реттелетінін, виза мерзімі аяқталған соң олардың елден кетуі міндетті екенін баса айтқан болатын.

Пікірлер