Руслан Берденов туысы жайлы қайғылы хабарды естіртті

562
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HM2ifv009fU64i8b8mFMYOOEVZoSeUVQUhpTyKvR.webp

Белгілі кәсіпкер Руслан Берденов әлеуметтік желіде ағасы Ерұланның өмірден өткенін хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Берденов өзінің Instagram парақшасында марқұмға арналған жазба жариялап, көңіл айтты.

«Ерұлан аға... Қош бол! Иманың жолдас болсын! Ерұлан ағамыздың бүкіл жақын-туыстарына, жанұясына, балаларына көңіл айтамын, қайғыларыңызға ортақпыз! Біз сіздерге қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да кәсіпкердің жазбасына қайғылы жағдайға байланысты жылы лебіздер мен қолдау пікірлерін қалдырды.

Ерұлан Құсайынов - «Менің атым Қызболсын» фильмінің продюсері. Одан бөлек ER-BATYR, «Осколки», Urpaq секілді жобаларының авторы.

«Жабаның негізін салушы Ерұлан Құсайынов өмірден өтті. Ерұлан – елдегі ірі компанияларда басшы болған талантты көшбасшы. Ол өмірін білім беру және әлеуметтік жобаларды дамытуға арнады, көпшілікке үлгі болды», – делінген "Осколки" подкастының әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Пікірлер