Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Израиль әскері Дохаға шабуыл жасаған болатын. Израиль билігінің мәлімдемесінде Дохада орналасқан ХАМАС ұйымының штабына соққы жасалғаны айтылған. Aljazeera телеарнасының мәліметінше, қалада болған ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдеріне шабуыл жасалған.
Ұқсас жаңалықтар
Егер спектакль дейтін болсақ, одан кім не ұтты? Бұдан екі жақ та ештеңе де ұтқан жоқ. Ұтқан тек — Тоқаев. "Ресейдің ішкі шаруасы” деген Тоқаев азды-көпті бедел жинап алған сияқты.
Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесу өткізді
