Газадағы аштық. 130-ға жуық адам көз жұмған

4998
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9VRceMBTGk58L6Yh4bVAFRLT632rcb1vVYbcQvK2.jpg

Израильдің қатаң қоршауындағы Газа секторында соңғы бір тәулікте аштықтан бес палестиналық көз жұмды, олардың екеуі – балалар. Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің бас директоры Мунир әл-Берш айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Газадағы балалар аштықтан өліп жатыр. Құрбандардың жалпы саны 127 адамға жетті, олардың арасында 85 бала бар»,— деп жазды әл-Берш X желісіндегі парақшасында.

Ведомство өкілі Израильді гуманитарлық көмектің жеткізілуіне тосқауыл қойып отыр деп айыптады. Айтуынша, азық-түлік жүктері шекаралық бақылау-өткізу бекеттерінде кідіріп қалуда, ал халықаралық қауымдастық бұл жағдайға бей-жай қарап отыр.

Әл-Берш «баяу өлімге» жол бермеуге шақырып, Газадағы адамдардың өмірін сақтау үшін шекара өткелдерін ашуды талап етті.

Айта кетейік, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль әскерінің шабуылдары нәтижесінде кемінде 59 676 палестиналық қаза тауып, 143 965 адам жарақат алған.

Пікірлер