Түркістанда 880 пәтерлі тұрғын үй кешені салынуда

867
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lCjYi410ww54VwwTf0W9EtJp0CzBKtmvAQLVJGR9.jpg
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әбілсейіт Рабаев шаһар аумағында жүзеге асырылып жатқан құрылыс және жол жөндеу нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Әбілсейіт Байсейітұлы жаңадан салынып жатқан ипподромға апаратын жолдың құрылыс барысын аралады. Жоспарға сәйкес ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын жолға екі қабатты асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылған. Бүгінде жолдың екі жағынан аяқжол төсеу жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, Бекзат тұрғын алабында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Мұнда жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында жол негізін әзірлеу, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары атқарылуда.
Отырар тұрғын алабында да ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Мұнда Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес көшелерді қамтитын, жалпы ұзындығы 24,6 шақырымды құрайтын 28 көшеде орташа жөндеу жүргізілуде.
Жол инфрақұрылысымен қатар тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді. Әбілсейіт Байсейітұлы 5 қабатты 22 кредиттік тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Жалпы аумағы 8,4 гектарды құрайтын кешенде 880 пәтер салынып жатыр. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары басталып, белсенді жүргізілуде.
Нысандарды аралау барысында қала әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы, әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Пікірлер