Түркістанда жылына 1000 тоннадан астам нан және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорын жұмыс істеуде

876
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ewcq21Bo8VlyehtMf0NseL4GVDLeZo2CbRWmyqdj.jpg
Іссапар барысында шаһар басшысы «Ақ Жол Фудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік әлеуетін көріп, өндіріс процесі мен инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты.
Кәсіпорын жылына 1000 тоннадан астам нан өнімдерін өндірумен қатар, ет өнімдері – атап айтқанда, шұжық және сосиска түрлерін дайындаумен де айналысады. Түркістан қаласында орналасқан бұл өндіріс орны бүгінде 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Бұл жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жергілікті шағын және орта бизнесті дамытуға елеулі үлес қосуда. Түркістанда өндірістік және кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында қала әкімдігі тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, өндірістік аймақтарды инфрақұрылыммен қамту, инвесторларды қолдау және отандық өнім өндірушілерге нақты қолдау көрсету бағытында кешенді шаралар іске асуда.
Өндірістік нысандарды аралау барысында қала әкімі кәсіп иелерімен пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, жергілікті өнімдердің сапасын арттыру мен өндіріс ауқымын кеңейтуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Пікірлер