Түркістан облысында деструктивті діни ағымның жақтастары заңсыз қару сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
ІІМ-нің «Р» басқармасы мен Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінен қару табылған.
Тексеру кезінде 9 мм калибрлі «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» қаруы тәркіленіп, олардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта аталған қарулардың өзге қылмыстарда қолданылған-қолданылмағанын анықтау үшін сараптама тағайындалған. Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты жерінен ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер де қолға түсті.
Аталған дерек бойынша 2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі («Қаруды заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.
Атырауда жасөспірімдер қауіпсіздігін күшейту мақсатында полиция мен әкелер бірлескен патрульге шықты