Түркістан облысында деструктивті діни ағымның мүшелері қарумен бірге ұсталды

825
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Түркістан облысында деструктивті діни ағымның жақтастары заңсыз қару сақтағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

ІІМ-нің «Р» басқармасы мен Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінен қару табылған.

Тексеру кезінде 9 мм калибрлі «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» қаруы тәркіленіп, олардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған қарулардың өзге қылмыстарда қолданылған-қолданылмағанын анықтау үшін сараптама тағайындалған. Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты жерінен ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер де қолға түсті.

Аталған дерек бойынша 2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі («Қаруды заңсыз сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Комментарии