Бұрынғы бас прокурордың да үстінен іс қозғалды

1679
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ryGvW5qO8XNwfkksihuz3Mf5EU8EnmXKK53sHwcu.webp

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және түрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінген.

«Барлық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Алайда ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Бас прокуратура Қожамжаровтың атышулы «Қорғас ісіне» қатысы барын растаған еді.

Еске салсақ, 2011 жылдың соңында Алматы облысындағы кеден бекеттерінде ірі көлемдегі ұрлық деректері анықталған. Ол жерде 100-ден астам адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмыс істегені белгілі болды.

Қайрат Қожамжаров бірқатар жоғары мемлекеттік қызметті атқарған. Ол Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы, Антикоррупциялық қызметтің (Ұлттық бюро) басшысы, Ақмола облысының әкімі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының бас прокуроры (2017-2019) болды.

Пікірлер