Қараусыз қалған «Көшпенділер» Қонаевтың меншігіне өтті

3157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JLambenAPBESfW8Hd3wweFm0GfTHTBUInTg9c6V7.webp

Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” ұлттық киностудиясының қарамағында болған “Көшпенділер қаласы” декорациялық кешені ресми түрде сыйға беру шарты негізінде Қонаев қаласының меншігіне тапсырылды. Бұл туралы қала әкімдігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көшпенділер қаласының» аумағы 5,8 гектар, ол Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан. Нысанның баланстық құны – 15,4 миллион теңге. Алайда пайдалану жылдары ішінде қалашық айтарлықтай ескіріп, кейбір құрылыс жарамсыз күйге түскен, бастапқы келбетінің бірқатар элементтері жоғалған»,—делінген хабарламада.

Қалалық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мәліметінше, енді қалашық ТҮКШ бөліміне қарасты болады. Алдағы уақытта бұл аумақты туризм бағытында дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ оны күтіп ұстауға, жөндеу жасауға бюджеттен қаржы қарастырылады.

«Қалашыққа апаратын күре жол салынып жатыр. Жолдың ұзындығы – 7 шақырымға жуық. Жоба бойынша қосымша электр желілерін тарту, автотұрақ салу, жол бойын жарықтандыру қарастырылған. Құрылысқа 41 адам және 24 техника тартылды»,—деп толықтырды әкімдік.

Пікірлер