Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясындағы салтанатты қабылдауға қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюань қарсы алды.
Ақорда саммитке қатысушы елдер делегациясы басшыларының бірлескен суреттерін де жариялады.

Еске сала кетейік, 30 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қытайдың Тяньцзинь қаласына барған болатын. Сол күні ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді. Көшбасшылар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жолдарын талқылады.
Президенттің сапар бағдарламасына сәйкес, 31 тамыз – 1 қыркүйек күндері ол ШЫҰ саммитіне және “ШЫҰ плюс” отырысына қатысады. 2 қыркүйекте Бейжіңде өтетін “Қазақстан – ҚХР” іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, қытайлық ірі компаниялардың жетекшілерімен кездеседі. Ал 3 қыркүйек күні Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараларға құрметті қонақ ретінде қатысады.
Президент Жолдауынан кейінгі ой: Шымкенттік педагог жасанды интеллекттің білім саласына қосар үлесіне сенімді