Жамбылда полиция бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

813
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Жамбыл облысында полиция бастығының орынбасары ұсталғанына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2025 жылдың 29 тамызында ішкі істер министрінің бұйрығымен күдікті «теріс себептер бойынша» қызметінен босатылған.

ІІМ ресми хабарламасында қандай қылмыстық іс қозғалғаны және істің мән-жайы нақты көрсетілмеген. Тек «құқыққа қайшы іс-әрекеттер» туралы айтылып отыр.

«Біздің ұстанымымыз айқын: заң мен антты сатқан адамдар міндетті түрде әшкереленіп, жауапқа тартылады», – делінген министрлік хабарламасында.

Құқық қорғау органдары күдіктінің аты-жөнін жарияламады. Алайда БАҚ пен әлеуметтік желілерде бұл оқиғаға Жайдарбек Құттыбаевтың қатысы бар болуы мүмкін деген болжам тарады.

Пікірлер