Ақ үй Дональд Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
“Президент Дональд Трамп – бейбітшілік президенті”, – делінген Ақ үй таратқан хабарламада.
Баспасөз қызметінің айтуынша, әлемдік қауымдастық Нобель сыйлығының Трампқа берілуін қолдайды. Олардың қатарында Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брайс Олиги Нгема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанданың сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирех бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Норвегиядағы Нобель комитетіне АҚШ басшысы Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы ресми хат жолдаған еді.