Ақ үй Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

1147
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5hmYjEnsxv5KvSQPfZnte2BtjppsUjuPLmTcQb9V.webp

Ақ үй Дональд Трампты бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

“Президент Дональд Трамп – бейбітшілік президенті”, – делінген Ақ үй таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің айтуынша, әлемдік қауымдастық Нобель сыйлығының Трампқа берілуін қолдайды. Олардың қатарында Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Камбоджа премьер-министрі Хун Сен, Габон президенті Брайс Олиги Нгема, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху, Пәкістан үкіметі және Руанданың  сыртқы істер министрі Оливье Ндухунгирех бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Камбоджа премьер-министрі Норвегиядағы Нобель комитетіне АҚШ басшысы Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы ресми хат жолдаған еді.

 

Comments
Other materials