Суға батқандарды құтқармақ болған. Ақтау маңында ер адам ажал құшты

971
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UfJsvYEGCz01sKqhO3EDuVWk1XQnxemV2QkHgNEG.jpg

Ақтау қаласында 39 жастағы Ерлан Шонтабаев суға батып бара жатқан жастарды құтқармақ болып, өзі ажал құшты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл оқиға теңіз жағалауында 2025 жылдың шілде айының соңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Ерлан достарымен бірге теңіз жағасында демалып жатқан. Сол маңда екі қыз бен екі жас жігіт суға түсіп жүрген кезде қатты ағысқа түсіп кеткен. Үшеуі су бетінде қалқып, көмек сұрап айқайлай бастағанда, Ерлан еш ойланбастан суға секіріп, екі қызды жағаға аман алып шыққан.

Алайда үшінші жас жігітті құтқаруға тырысқан кезде, ол үрейге бой алдырған күйі Ерланның аяғынан ұстап қалып, нәтижесінде екеуін де толқын жұтып кеткен. Құтқарушылар көп ұзамай олардың денесін тауып шығарған.

Ерлікпен қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың артында жары мен бес баласы қалды. Бесінші баласы - үш айлық нәресте. Батыр азамат Құрық ауылында ақтық сапарға шығарып салынды. Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті басшылығы оның жанқияр әрекетін атап өтіп, отбасына алғыс хат табыс етті.

Пікірлер