Түркістаннан Астанаға келген әйел балаларымен көшеде қалған

1750
Adyrna.kz Telegram
Фото: Анна Рыль парақшасынан
Фото: Анна Рыль парақшасынан

Желіде әйел адамның балаларымен далада қалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты құқық қорғаушы, "Қорғау-Астана" әйелдер мен балаларды қолдау орталығының басшысы Анна Рыль бөліскен.

“Таңертең маған дауысы қарлыққан ер адам телефон соғып, бұл үйсіздерге арналған орталық па деп сұрады. Алғашында ол өзіне орын іздеп жүр екен деп ойладым. Сосын, бұл зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балаларға арналған орталық дедім. Ол: “иә, маған дәл осы орталық қажет” деді. Ол түнде балаларымен көшеде отырған әйелді кездестіргенін айтты. Ер адамның өзі отбасымен 1 бөлмелі пәтерді жалдап тұрады екен. Оларға жаны ашып, мешітке жеткізіпті. Ол жер жабық болған соң, біздің орталыққа хабарласуды шешіпті”, – дейді әйел.

Анна Рыль әйелдің қандай жағдайға тап болғанын айтты.

“Әйел жесір қалған. Түркістан облысынан келген, жәрдемақы алады. Пәтерге төлейтін ақшасы болмаған соң, шығарып жіберген екен. Әрине, бұл біздің санатымызға кірмейді. Дегенмен біз оларды бір апта бойы паналаттық. Әйел жәрдемақы ала салысымен бөлмені жалға алатын болады. Бұл – қиын өмірлік жағдай. Дегенмен бұл санатта жұмыс істейтін  орталықтар жоқтың қасы”, – деді Анна Рыль.

Пікірлер